Хабиб Нурмагомедовтың EFC промоушені Қазақстанда турнир өткізеді

Хабиб Нурмагомедовтың EFC промоушені Қазақстанда турнир өткізеді

Ресейлік Eagle Fighting лигасының баспасөз қызметі Қазақстанда турнир өткізуге дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты кардта қазақстандық файтер Руслан Сариев (12-1) өнер көрсетеді. Осы жылдың ақпан айында чемпиондық атақ үшін жекпе-жекте (56,7 кг) ол ресейлік Мансур Малачиевке қарсы төбелесті.

24 жастағы Сариевтің Қазақстанда өтетін EFC іс-шарасындағы қарсыласы Илмиямин Джаватов (6-2) болады. Ресейлік спортшы EFC/GFC дебютін 2019 жылдың шілдесінде өткізіп, 2-1 есебімен рекордқа ие. Өткен жылдың желтоқсанында Малахиевтен жеңіліп қалды.

Ресейлік промоутер үшін алдағы турнир Қазақстандағы үшінші болады.

Соңғы рет ұйым Алматыда 2019 жылдың желтоқсанында GFC деген атпен турнир өткізді. Қазіргі уақытта турнирдің нақты күні белгісіз. Дәл осы турнирде Жасұлан Әкімжан (6-2) да өнер көрсетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или