Қазақстан құрамасының хоккейшілері магнитогорстік «Металлург» сапына ауысады
Магнитогорск қаласының «Металлург» командасы елордалық «Барыстың» шабуылшысы Павел Акользин және қорғаушы Алексей Маклюковпен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Өткен маусымды 30 жастағы Акользин нұр-сұлтандық «Барыс» сапында өткізді. Қазақстандық хоккейші тұрақты чемпионаттың 41 матчына қатысты, онда екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, плей-офф кезеңінде алты ойында өнер көрсетті.
27 жастағы Маклюков «Барыс» сапында тұрақты маусымда 48 кездесу өткізіп, 3(0+3) ұпай жинады.
Айта кетейік, «Металлург» плей-офф кезеңінің ширек финалына дейін жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или