Бартулис пен Рыспаев бір матчқа жазаланды

Бартулис пен Рыспаев бір матчқа жазаланды

Елордалық «Барыс» хоккей клубының ойыншылары Оскарс Бартулис пен Дамир Рыспаев бір ойынға айдыннан шеттетілді, деп хабаралайды «PROСПОРТ».

«Сибирьге» қарсы матчтың 8-ші минутында астаналықтардың қорғаушысы Оскарс Бартулис Сергей Шумаковтың басынан ұрғаны үшін қысқа және тәртіптік жазаға (2+10 минут) ие болған еді. Бұл оның осылай үшінші рет жазалануы. Ал бір маусымда үш рет 10 минуттық айыппен жазаланған ойыншы автоматты түрде келесі ойынды жіберіп алатынын естеріңізге сала кетейік.

Ал Рыспаев 57-ші минутта Виталий Меньшиковпен жұдырықтасып, төбелес ашқаны үшін айдыннан қуылды. Сол себепті де, Дамир «Барыстың» келесі матчында командасына көмектесе алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или