Камару Усман Хорхе Масвидальды нокаутқа жіберді

Камару Усман Хорхе Масвидальды нокаутқа жіберді

Джексонвиллде (Флорида) UFC 261 турнирі аяқталды. Оның басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы (77 кг) қазіргі чемпион Камару Усман чемпиондық белбеуін қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдегі соңғы жекпе-жекте 33 жастағы Усман BMF титулының иегері Хорхе Масвидальмен кездесті. Жартылай орта салмақтағы (77 кг) айқас екінші раундта аяқталды. Усман қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Осылайша Усман UFC титулын қатарынан төртінші рет қорғады. Бұған дейінгі UFC 258 жекпе-жегінде Камару Гилберт Бернсті үшінші раундта нокаутқа жіберді.

Масвидальға келетін болсақ, мансабындағы 15-ші жеңілісіне ұшырады. Масвидаль 2008 жылдан бері алғаш рет нокаутпен жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или