Үш титул сарапқа салынатын UFC 261 турнирін қайдан қарауға болады?

Үш титул сарапқа салынатын UFC 261 турнирін қайдан қарауға болады?

25 сәуірге қараған түні Джексонвиллде (Флорида штаты, АҚШ) UFC 261 турнирі басталады, бұл кеште үш титул сарапқа салынады, оның үстіне ивентке жанкүйерлер қатысуына алғаш рет рұқсат беріліп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 261 турнирінің басты жекпе-жегі жартылай орта салмақ чемпионы Камару Усман мен белбеуге үміткер Хорхе Масвидаль арасында өтеді. Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта ұйым чемпионы Чжан Вейли Роуз Намаюнасқа қарсы кездесуде титулын қорғайды. Маңызы жағынан үшінші тұрған жекпе-жек аса жеңіл салмақта UFC чемпионы Валентина Шевченко мен үміткер Джессика Андраде арасында өтеді.

Негізгі кардтың жекпе-жектері 25 сәуірде елорда уақытымен 08:00-де басталады.

UFC 261 турнирін тікелей эфирде UFC ТВ порталынан (бейресми тегін сайт), сондай-ақ, Wink, MORE.TV және UFC Fight Pass каналдарынан қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или