UFC 261: Усман - Масвидаль 2 жекпе-жегіне үш күн қалды
25 сәуірде таңертең Флорида штатының Джексонвилл қаласында UFC 261 турнирі өтеді.UFC баспасөз қызметі Embedded сериясының алдағы турнирі туралы баяндайтын үшінші серия жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы (77 келі) қазіргі чемпион Камару Усман Хорхе Масвидальға қарсы титулын қорғайды. Өткен жылдың шілде айында боксшылар сегізбұрышта UFC 251 турнирі аясында кездесіп, Усман төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Екінші маңызды жекпе-жекте ең төменгі салмақтағы чемпион Чжан Вэйли Роуз Намаюнаспен кездеседі.
Турнирдің үшінші жекпе-жегінде ең жеңіл салмақта чемпион (56,7 келі) Валентина Шевченко Джессика Андрадемен жұдырықтасады.
Орта салмақтағы бұрынғы чемпион Крис Вайдман Юрай Холлмен кездеседі.
UFC 261 турнирі 25 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады.