Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингісінде көш бастауға жақын
<span>Жәнібек Әлімханұлы мен Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингісінде жоғарылады, деп жазады Prosports.kz.</span>
Алдыңғы жолғымен салыстырғанда Жәнібек Әлімханұлы бір саты жоғарылап, орта салмақта 2-орынға жайғасты. Қанат Ислам да бір қатар алға жылжытты, ол қазір 5-орында тұр. Сондай-ақ, Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингтің топ-15 тізіміне енді (13-орын).
Орта салмақ рейтингісінде мексикалық Хайме Мунгия көш бастап тұр. Бұл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде.
Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы <span>(WBO Global белбеуінің иегері) </span>төртінші орында тұр. Оның алдында британиялық Зак Паркер, америкалық Дэниэл Джейкобс және канадалық Давид Лемье жайғасқан. Бұл салмақта <span>WBO чемпионы - британиялық Билли Джо Сондерс. </span>
Айта кетейік, <span>тарихта ешбір қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық белбеуіне ие болған емес.</span>
Головкин жоқ. «Канелоның» бапкері келесі қарсыластарын атады