Гойти Дазаев: Еңсем түсіп, бағытымнан бас тартатын мен емес
Arlan MMA Pro Team командасының өкілі қазақстандық файтер Гойти Дазаев AMC FN 100 турнирінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
11 сәуірде 30 жастағы Дазаев AMC Fight Nights 100 турнирінде өнер көрсетіп, онда ресейлік Дмитрий Бикревпен кездесті. Жартылай орта салмақтағы (77 кг) чемпиондық белбеу бәске тігілді. Екінші раундта ресейлік спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Кейін белгілі болғандай, Гойти бірінші раундта қолын сындырып алған екен.
Файтердің айтуынша, алған жарақаттардан кейін қалыпқа келу процесінен өту керек. Сонымен қатар, Дазаев ресейлік промоушеннің чемпиондық белбеуіне болашақта тағы да таласатынын айтты.
«Ас-саламу алайкум!
Мен жекпе-жектен кейін бірден байланысқа шыға алмадым, өйткені алған ауыр жарақаттырымды емдеу керек болды.
Ия, біз ұтылдық, өкінішті. Көп жұмыс жасалды, көп күш, еңбек пен уақыт жұмсалды. Бірақ бұл ММА, жеңіліссіз болмайды. Октогонда не жеңеміз, не жеңілеміз. Сол күні Дмитрий Бикрев басым болды, мен оны тағы да құттықтаймын.
Қате қай жерден кетті деп әлі ойланып жүрмін. Сол қолымды екі жерден сындырып алғаныма қарамастан, алғашқы екі раунда жоспар бойынша өтті.
Жарақат алғаннан кейін ауырсынуды сезіндім. Бәрі күшіммен ұра алмадым. Қарсыласпен күресуге де шама келмеді. Екінші раундта аяғымды зақымдап алдым. Бірақ шегінерге жол жоқ екенін түсіп, аяғына дейін төбелесуге бел будым.
Үшінші раундта менің әлсірегенімді байқаған Бикревтің бұрышы одан белсенді болуды талап етті. Кезекті соққыдан кейін ес жия алмадым.
Мүмкіндік бергені үшін AMC Fight Nights ұйымына және жеке Камил Гаджиев пен Амир Мурадовқа рахмет. Arlan MMA Pro командасына және «Еркін-Күш» клубына әрдайым бірге болғаны үшін рахмет. Тігістерді алып тастағаннан кейін мен бірден жаттығу процесіне кірісемін. Еңсем түсіп, бағытымнан бас тартатын мен емес. Шайқасатын шама жетеді», - деп аяқтады Дазаев.