Қазақстан әйелдер құрамасы испаниялықтарды жермек-жексен етті

Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиаданың хоккей жарысында Қазақстан әйелдер құрамасы 5-7-ші орындар үшін кездесу өткізіп, турнир қожайындарын тас-талқан етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Александр Мальцев шәкірттері испан қақпасына жауапсыз 10 шайба салды. Бұл кездесуде Зарина Тухтиева мен Алена Фукс хет-трик жасады.

Осы жеңісінің арқасында қазақстандықтар аз дегенде 6-шы орын алмақ. Естеріңізге салсақ, 10 ақпанда Қазақстан құрамасы америкалық хоккейшілерге 3:2 есебімен овертаймда жол берген болатын.

Испания – Қазақстан 0:10 (0:4, 0:2, 0:4)

0:1 – Рамазанова (Олжабаева) – 09:37

0:2 – Тухтиева – 12:43

0:3 – Фукс (Тухтиева) – 14:15

0:4 – Тухтиева – 16:45

0:5 – Тухтиева – 24:49

0:6 – Фукс (Тухтиева) – 33:46

0:7 – Әшімова (Фукс, Тухтиева) – 43:50

0:8 – Рыспек (Тұрсынова) – 56:58

0:9 – Тұрсынова (Рамазанова) – 59:44

0:10 – Фукс (Филимонова, Тухтиева) – 59:59

Қақпашылар: Алварадо – Можаева

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или