Қысқы

Денис Тен мемориалы өтетін күн белгілі болды

Денис Тен мемориалы өтетін күн белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Челленджер» сериясындағы Денис Тен мемориалы турнирі 28-31 қазанда Алматыда өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Prosports.kz.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты турнир өтпей қалды.

2021/22 жылғы маусымға мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» сериясының күнтізбесі келесідей:

10-12 қыркүйек - Бергамо (Италия);

16-18 қыркүйек - Монреаль (Канада);

22-25 қыркүйек - Оберстдорф (Германия);

30 қыркүйек - 2 қазан - Братислава (Словакия);

7-10 қазан - Эспоо (Финляндия);

13-17 қазан - Пекин (Қытай);

28-31 қазан - Алматы (Қазақстан);

11-14 қараша - Грац (Австрия);

17-20 қараша - Варшава (Польша);

8-11 желтоқсан - Загреб (Хорватия).

Еске салайық, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда қайтыс болды. Оның көлігінен айна ұрлап жатқан жерінен ұсталған екі адаммен болған жанжал кезінде пышақ жарақатыр алады. Бірнеше сағаттан кейін спортшы ауруханада қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер