Қасым Әнуарбек OCTAGON 18 турнирінде төрешілер шешімімен Амиржон Гафуровты жеңді
Қазақстандық ММА спортшысы Қасым Әнуарбек (5-2) OCTAGON 18 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыдағы турнирде 30 жастағы файтер Өзбекстаннан келген 21 жастағы Амиржон Гафуровпен (2-2-) кездесті. Аса жеңіл салмақтағы айқас жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілер Қасымды жеңімпаз деп таныды.
Қазақстандық спортшы мансабында бесінші мәрте жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или