Видео. Алматыдағы OCTAGON 18 турниріне қатысушылар салмақ өлшеді

Видео. Алматыдағы OCTAGON 18 турниріне қатысушылар салмақ өлшеді

Алматыда OCTAGON 18 турнирінің қатысушылары ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық екі файтер - Досбол Елеген (4-1) мен Дамир Төленов (4-0) кездеседі. Файтерлер аралық салмақта (60 кг дейін) өнер көрсетеді. Екеуі де салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Тағы бір басты жекпе-жекте қазақстандық Ілияс Елеусінов (1-1) өзбекстандық Мухамадәли Абдурашидовпен (1-0) кездеседі. 

Айта кетейік, OCTAGON 18 турнирі 11 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де (Мәскеу уақытымен 15:00) басталады.<span> </span>Тікелей трансляцияны OCTAGON TV Youtube-каналынан, сондай-ақ, Q Sport Extra және Бокс ТВ телеарналарынан қарауға болады. 

Салмақ өлшеу рәсімінің қорытындысы:

1. Аса жеңіл салмақ: Хусейн Зандаров (Қазақстан), 62,25 кг - Алдияр Мансұрбек (Қазақстан), 62,1 кг

2. Жеңіл салмақ: Мәжит Сардаров (Қазақстан), 70,75 кг - Мерей Уаис (Қазақстан), 70,75 кг

3. Сайрап Наргилов (Қазақстан), 70,8 кг - Самир Ахмедов (Қазақстан), 70,8 кг 

4. Аралық салмақ: Шермұрат Калилов (Қырғызстан), 68,45 кг - Бақтияр Мұхамедияров (Қазақстан), 68,8 кг

5. Аралық салмақ: Самандар Саттаров (Өзбекстан), 73,5 кг - Алтынбек Жүнісов (Қазақстан), 73,8 кг

6. Жартылай жеңіл салмақ: Фарход Давлятов (Тәжікстан), 66,4 кг - Мақсат Сиязбеков (Қазақстан), 65,8 кг 

7. Аса жеңіл салмақ: Амиржон Гафуров (Өзбекстан), 61,7 кг - Қасым Әнуарбек (Қазақстан), 61,5 кг

Басты кард: 

8. Ауыр салмақ: Хусниддин Хакимов (Өзбекстан), 114 кг - Исламбек Бақтыбек (Қырғызстан), 116 кг

9. Аралық салмақ: Камолдин Мамаджонов (Өзбекстан), 97,7 кг - Владимир Рудак (Ресей), 97,7 кг

10. Жартылай жеңіл салмақ: Нұржігіт Откылбеков (Қырғызстан), 65,8 кг - Руслан Серікпұлов (Қазақстан), 67,85 кг*

11. Ауыр салмақ: Мұхамадали Абдурашидов (Өзбекстан), 131,6 кг - Ілияс Елеусінов (Қазақстан), 113 кг 

* - файтер жекпе-жекке сары қағазбен шығады

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN<span> мен 1XBET букмекерлік кеңсесі. </span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или