«Титулдық жекпе-жек алатын кез келді»

«Титулдық жекпе-жек алатын кез келді»

11 сәуірде Алматыда қазақстандық Octagon промоушенінің OCTAGON 18 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық 25 жастағы Дамир Төленов (4-0) өнер көрсетеді. Лиганың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Төленов промоушендегі титулдық амбициялары, Брюс Лидің фильмдері, сондай-ақ өміріндегі спорт туралы айтты.

Төленов алдағы кештің басты жекпе-жегінде Өзбекстаннан келген Фирдаус Хасановпен (6-1) кездеседі. Алдағы жекпе-жек аралық салмақ (58,5 кг) аясында өтеді. ММА-да Дамир былтыр ақпанда OCTAGON 13 турнирінде дебютін өткізген. Осы жылдың қаңтарында Төленов Octagon 15 турнирінде аса жеңіл салмақтағы титулдық жарысқа қатысып, Ақжол Олжабаевты техникалық нокаутпен жеңді. Хасановқа қарсы алдағы жекпе-жектің нәтижесі шешуші болады, өйткені жеңіске жеткен жағдайда Дамир OCTAGON чемпиондық титулына үміткер бола алады.

- Басында тхэквондомен айналыстым, 7-ден 10 жасқа дейін осы спортта жүрдім. Кейін  Алматыда тай боксының залы бар екені білдім. 15 жасымда Қазақстан чемпионатында алтын алдым. Соңғы бірнеше жылда көптеген турнирдің жеңімпазы атандым. Кейін бокста күшімді сынап көрдім, онда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болдым, бірақ бокс - бұл қиын нәрсе.

2016 жылы ұзақ үзілістен кейін джиу-джитсуға келдім. Мен оның не екенін ешқашан білген емеспін. Бапкер жарысқа қатысуға ұсыныс жасады, бірінші жекпе-жегімде жеңіліп қалдым. Мен партер дегеннің не екенін және қалай жұмыс істеу керегін де білмедім. Бірақ осыдан кейін төбелесуге, өнер көрсетуге, машықтануға ынта пайда болды. Аралас жекпе-жек өнері стенд, клинч немесе партерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін спорт болғаны үшін ұнады. Қазір негізгі база жоқ, өйткені файтер бәрін білуі керек, тіпті палау пісіруді (күледі). Мен барлық дағды бойынша жұмыс істеуге тырысамын.

- Осы жылдар ішінде спорт сізді қалай өзгертті?

- Бала кезімнен спорт менің өмірімде болатынын білдім. 7 жасымнан айналысамын, қазір 25-темін. Тастап кетуге болмайды, өйткені оған көп күш салдым.

- Кәсіпқойға ауысуыңыз қалай болды? Әуесқойда өнер көрсете алдыңыз ба?

- Иә, мен әуесқойда ұзақ өнер көрсеттім. Егер барлық спорт түрін қоссаңыз, жүзге жуық жекпе-жек болады. Ұзақ уақыт бойы мақтау қағаздары мен медальдар үшін күрестім. Қазір гонорар уақыты келді. Медальмен келген кезде анам қалай уайымдағаны есімде. Әкем күту керек деп жұбататын. Қолдау көрсеткені үшін бапкеріме көп рақмет. Кәсіпқойға қалай ауыстым? Кездейсоқ. Байқап көрдім, бірден ұнады.

- Бірнеше жыл бұрын сіз кумиріңіз Брюс Ли деп айттыңыз. Неліктен ол?

- Балалық шағымда оның жанкүйері болдым, фильмдерін жиі қарайтынмын. Джеки Чан мен Джет Лиді де жақсы көрдім. Брюс Лиге қарағанда мықты адамдар болған шығар, бірақ ол өзін көрсете алды. Ол түсетін сүйікті фильмім бе? «Титаник» (күледі). Брюс Ли түскендерден - "Кулак Ярости". Джеки Чан түскендерден «Кто я?».

- Брюс Лидің жекпе-жек стиліне еліктедіңіз бе?

- Жекпе-жектерде жоқ, бірақ жаттығуда болған. Қазір ержеттім, өз стилім бар.

- Алдағы турнирге көшейік. OCTAGON 18 турниріне қалай дайындалдыңыз?

- Қазір бәрі жақсы, өзгеріс барын сезінемін. OCTAGON 15 турнирінде бабымда болмадым. Қазір бәрі жақсы, салмақ қууым да жақсы.

- Титулдар туралы не айта аласыз? 

- Иә, титулдық жекпе-жек алатын кез келді (күлді). Фирдаус Хасановты жеңемін, кейінірек титулдық жекпе-жек сұраймын. Қарсыласымды құрметтеймін, оның күшін бағалаймын, бірақ мен өзімнің шеберлігіме сенімдімін және жеңіс өзімде қалады.

Еске салайық, OCTAGON 18 турнирі 11 сәуірде өтеді. Кард Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады (Мәскеу уақытымен 15:00). Тікелей трансляцияны Setanta Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ,<span> </span>OCTAGON TV Youtube-каналынан қарауға болады. 

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы мен <span>1XBET букмекерлік кеңсесі. </span>

Дамир Толенов на турнире OCTAGON 15

Дамир Толенов на турнире OCTAGON 15

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или