Командалық

«Локомотив-Кубань» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы

«Локомотив-Кубань» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

3 сәуірде «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті маусымы аясында Краснодардың «Локомотив-Кубанымен» қонақта ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналықтар осы маусымда «теміржолшылармен» бір рет кездесті. 9 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен матч 86:82 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды.

Ресейлік команда соңғы бес ойында жеңіске жеткен.

«Локомотив-Кубань» - «Астана» матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:55-те басталады. Ойынды QazSport телеарнасында, «Астана» клубының және ВТБ Біріккен Лигасының сайтында тамашалай аласыздар. Мұнда матчтардың статистикасы да онлайн режимде қол жетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер