Қазақстан құрамасы АҚШ-тан ұтылса да, бірінші орында қалды

Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан Универсиаданың ерлер арасындағы хоккей жарысында Қазақстан құрамасы матчтан кейінгі буллит сериясында АҚШ командасына жол берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Америкалықтар екінші кезеңнің ортасына дейін 2:0 есебімен жеңіп жатқан, алайда қалған уақытта қазақстандық ұжым таразы басын теңестіріп тастады. Ал матчтан кейін буллит сериясында Джонсонның дәл соққысы мұхиттың ар жағынан келген құрамаға жеңіс сыйлады.

Бұл жеңілісіне қарамастан, Қазақстан құрамасы С тобында бірінші орынға ие болды.

Қазақстан — АҚШ 2:3 Б (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 — 07:52 Хэннон (Бреслин, Кашшак)

0:2 — 21:29 Бодетт (Макговерн, Шмидт), басымдықта

1:2 — 29:37 Кенбаев (Бельгибаев, Анциферов), басымдықта

2:2 — 59:01 Зятьков (Качулин)

2:3 — 65:00 Джонсон, буллит

Қақпашылар: Смольников — Купер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или