Шавкат Рахмонов АҚШ-қа жұмыс визасын алды

Шавкат Рахмонов АҚШ-қа жұмыс визасын алды

UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (13-0) АҚШ-қа жұмыс визасын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақын ақпарат көздерінен белгілі болғандай, 26 жастағы Рахмонов спортшыларға арналған P1 визасын алған. Бұл виза спортшыларға жаттығуға, сондай-ақ АҚШ-тағы UFC турнирлеріне қатысуға мүмкіндік береді. Виза скриншотынан байқасақ, құжат Рахмоновқа бір жылға - 2022 жылдың 1 наурызына дейін берілген.

26 жастағы Шавкат америкалық промоушендегі алғашқы кездесуін былтыр қазан айында UFC 254 турнирінде өткізді. Әбу-Дабидегі жекпе-жек кешінде Рахмонов бірінші раундта бразилиялық тәжірбиелі Алекс Оливейрананы қылқындыру әдісімен жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или