«Кез келген сынаққа дайынбыз». Данияр Қойшыбек - Нурмагомедовтің промоушеніндегі дебюті туралы
19 наурызда ресейлік Краснодардағы Eagle Fighting Championship 34 турнирінде қазақстандық файтер Данияр Қойшыбек (6-1) жергілікті Алексей Кимді (5-1) жеңіп, дебютін сәтті өткізген.
Prosports.kz<span> тілшісі Қойшыбекпен сөйлесіп, Хабиб Нурмагомедовтің промоушеніндегі дебюті туралы сұрады. </span>
- Данияр, EFC промоушеніндегі сәтті дебютіңізбен құттықтаймын. Алексей Кимге қарсы жекпе-жек туралы не айта аласыз?
- Жекпе-жек біз жоспарлағандай соңына дейін жалғасты. Сол кеште менімен сегізбұрышты бөліскені үшін қарсыласым Алексей Кимге алғыс айтамын.
- Бір жылдан аса уақыт жекпе-жекке шықпадыңыз, бұл кездесу сіз үшін қаншалықты қиын болды?
- Ұзақ уақыттан кейін аздап толқу болды. Карантин және басқаларына байланысты, бірнеше рет жекпе-жегін кейінге қалды. Ақыры төбелесе алдым, сондықтан сегізбұрышты сезіну үшін барлық үш раунд бойы төбелесуді шештік.
- Сегізбұрыштағы жекпе-жегіңізге көңіліңіз толды ма?
- Жалпы, жекпе-жекке көңілім толды. Бәрі жоспар бойынша жүрді, дегенмен кездесу соңына қарай бір қателік жібердім, оған жол беруге болмады. Бұл енді қайталанбайды деп ойлаймын.
- Бұрын сіз Ренат Хаваловты (4-0) жекпе-жекке шақырған едіңіз, ол турдың басты кездесуінде Шарапудин Магомедовке (4-1) қарсы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Хаваловтың мерзімінен бұрын жеңісі таңғалдырды ма?
- Ренат та, Шарапудин де өте жақсы және қызық файтерлер. Олардың екеуі де әмбебап - олар күреседі де, төбелеседі де. Хаваловты титулын сәтті қорғауымен құттықтаймын.
- Хаваловпен жекпе-жек сіз үшін маңызды ма, әлде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу қызықтыра ма?
- Жоқ, кіммен жекпе-жек өткізетінім маңызды емес. Мен лигадағы алғашқы жекпе-жегімді ғана өткіздім, сондықтан біз EFC ұсыныстарын күтеміз. Қазіргі уақытта біз кез келген сынаққа дайынбыз.

- Eagle Fighting Championship лигасында дебют өткізгеннен кейін ұйымнан алған әсеріңіз қандай?
- Мен өте қуаныштымын, өйткені жігіттер бәрін жоғары деңгейде істеп жатыр, сол үшін мен оларға алғыс айтқым келеді.
- Біздің білуімізше, келісімшарт бойынша сіз келесі үш жекпе-жекті Eagle Fighting Championship аясында өткізесіз. Промоушенде ұзақ болғыңыз келе ме немесе басқа жоспарларыңыз бар ма?
- Менің лигамен төрт жекпе-жекке келісімшартым бар, енді дебюттен кейін үш жекпе-жек қалды. Біз мақсатымызға қарай біртіндеп қадам жасаймыз, содан кейін көре жатармыз. Болжамай-ақ қояйық, өйткені алда тағы үш жекпе-жек бар және оларды өткізу керек, кейін ғана лигада қаламыз ба, жоқ па - ойланамыз.
Arlan MMA Pro командасына және бапкерлік штаб Антон Аманбаев пен Игорь Фунтиков атқарған жұмысы үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, сондықтан біз осылай жалғастырып, жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін.