UFC: Исмагулов кіммен кездеседі

UFC: Исмагулов кіммен кездеседі

Ресейлік UFC файтері Дамир Исмагуловтың (19-1) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы этникалық қазақ 16 мамырда Американың Хьюстон қаласында UFC 262 турнирі аясында октагонға шығады.

Оның қарсыласы бразилиялық файтер Рафаэль Алвес (19-9). Кештің басты жекпе-жегінде Майкл Чандлер мен Чарльз Оливейра кездеседі.

Айта кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебютін 2018 жылы желтоқсанда өткізді. Содан бері америкалық промоушен туы астында үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Бірақ 2019 жылы Тиаго Мойзеті жеңгеннен бері жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или