Саят Абдрахманов: Мойзеске қарсы қарымта жекпе-жек жоспарда жоқ
Бүгін белгілі болғандай этникалық қазақ Дамир Исмагулов UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Файтердің менеджері Саят Әбдірахманов Prosports.kz сайтына жаңа келісімшарттың қыр-сырын ашты.
- Исмагулов мамыр айында оралады. Мойзеске қарсы қарымта жекпе-жек жоспарда жоқ. Өйткені бұл айқастың еш қажеті жоқ. Әзірге қарсыласы белгісіз, жақын уақытта хабарлаймыз, - деді Абдрахманов.
Айта кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебютін 2018 жылы желтоқсанда өткізді. Содан бері америкалық промоушен туы астында үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Бірақ 2019 жылы Тиаго Мойзеті жеңгеннен бері жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или