Құлахмет: Менеджермен әлсіз боксшылармен жұдырықтаспау туралы келістік
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Хебер Рондонмен болатын жекпе-жек, Джейми Мурмен жұмыс және Садриддин Ахмедовтың болашағы туралы айтты.
- Тұрсынбай, келесі жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр?
- Барлығы керемет. Англияда бір жарым айдай дайындалдым. Онда жергілікті жақсы боксшылармен жаттығу өткіздік. Шамамен бір апта бұрын жергілікті ауа-райына бейімделу үшін Дубайға ұштық. Құдайға шүкір бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр.
- Венесуэлалық қарсыласыңыз Хебер Рондон туралы не айта аласыз? Бұл боксшы қаншалықты қауіпті?
- Иә, тәжірибелі қарсылас алдық. Ол 20 рет жеңіске жетпеген, әрі ешқашан жеңілмеген. Қателеспесем, 13 немесе 14 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Біз оны зерттеп жатырмыз. Оған арнайы тактика дайындаймыз. Бокста кез келген қарсылас қауіпті.
- Бұл жекпе-жекке Джейми Мурдың жетекшілігімен Манчестерде дайындалып жүрдіңіз. Ол туралы не айта аласыз?
- Иә, бұған дейін біз ұзақ уақыт бойы лайықты бапкер іздедік. Джейми Мур ең жақсы нұсқа болып көрінді, өйткені ол менің салмағымда (бірінші орта салмақ) өнер көрсеткен, әрі мен сияқты солақай. Сонымен қатар, ол көптеген әлем чемпиондарын дайындады. Қысқасы, марапатқа ие маман. Біз оған сенеміз және онымен жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз.
- Алдағы жекпе-жекте өзге аймақтық белбеулер сарапқа салына ма, әлде WBC International титулын қорғайсыз ба?
- Бұл кездесуде WBC International титулын қорғаймын. Басқа белбеулер болмайды.

- Сіз мансабыңызда оңай жекпе-жек болған жоқ. Екі кездесу де мықты жігіттермен кездестіңіз. Бұл сіздің таңдауыңыз болды ма?
- Менеджеріммен бір-екі раундта жеңетін әлсіз қарсыласпен шықпаймыз деп бірден келістім. Мұндай қарсыластар маған ештеңе бермейді. Менің мақсатым - мықты жігіттермен жұдырықтасу және мүмкіндігінше тезірек жоғары деңгейге көтерілу.
- 2021 жылға қандай мақсаттар қойдыңыз?
- Биыл алдыма бірнеше міндет қойып отырмын. Әзірге барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Сондықтан уақыттан озып ештеңе дегім келмейді.
- Сіздің салмағыңызда болашағынан үміт күттіретін тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов өнер көрсетіп жүр. Сіз ол туралы не ойлайсыз?
- Иә, Садриддин - біздің жерлесіміз. Ол кәсіпқой боксқа менен бұрын ауысты. Біз ұлттық құрамада бірге өнер көрсеттік, турнирлерге қатыстық. Ол туралы өте талантты және тәжірибелі боксшы деп айта аламын.
- Дубайда сізбен бір күнде Жанқош Тұраров та өнер көрсетеді. Оның британиялық Тайрон Маккеннаға қарсы кездесудегі мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
- Құдай қаласа, онымен бір бокс кешінде өнер көрсетеміз. Жанқош өте тәжірибелі және білікті боксшы. Қарсыласы да мықты. Кім жеңетінін болжау қиын, бәрін шаршы алаң шешеді.
- Сіздің қалауыңыз болса, чемпиондардың қайсысымен жекпе-жек өткізер едіңіз?
- Өз салмағымдағы барлық чемпионды мұқият зерттедім. ТОП-5 қатарындағы кез-келген боксшымен шыққым келеді.
Айта кетейік, 3 сәуірде Дубайда (БАӘ) өтетін бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1КО) жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хебер Рондонмен (20-0, 13КО) жұдырықтасады.