Гандболдан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуін өткізді.
<span> Іріктеу ойындары Мажарстанда өтуде. Қазақстанның қарсыластары - Мажарстан, Ресей және Сербия құрамалары. Алғашқы ойынында қазақстандық гандболшылар Мажарстан құрамасымен кездесті. Бұл кездесуде алаң иелері басымдық танытты.</span>
<span> Осылайша құрамамыз қарсыласына 19:46 есебімен жол берді. Алғашқы турда Ресей Сербияны 29:24 есебімен тізе бүктірді. Енді қазақстандық гандболшылар бүгін, 20 наурызда Ресей, 21 наурызда Сербиямен кездеседі. </span>
<span>Естеріңізге сала кетелік, құрамамыз 2008 жылы Олимпиада ойындарында бақ сынап, жалпы командалық есепте оныншы орынға табан тіреген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или