EFC 34: Данияр Қойшыбек ресейлік файтерді жеңді
Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Данияр Қойшыбек Краснодарда өткен EFC 34 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы ресейлік Алексей Ким болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Кездесу соңына дейін жалғасып, Қойшыбек төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық файтер мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, EFC промоушенінің иесі - Хабиб Нурмагомедов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или