«Снежные Барсы» «Челниді» жеңді

«Снежные Барсы» Набережные Челны қаласында жергілікті «Челны» командасынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы кезең Ғалым Мамбеталиев шәкірттері үшін сәтсіз өтті. Матч басталысымен-ақ айдын иелері Надршиннің көмегімен алға шықса, командалар үзіліске кетерде есептегі айырманы ұзартты. Екінші кезеңде қос команда да гол соға алған жоқ. Ал үшінші жиырма минуттықта жас барыстықтар жауапсыз үш шайба салып, кездесу тағдырын басқа бағытта өзгертіп жіберді. Көзге түскендер – Сергей Афанасьев, Нұрлан Кабиев және Евгений Кормаков.

«Челны» (Набережные Челны) – «Снежные Барсы» (Астана) 2:3 (2:0, 0:0, 0:3)

1:0 – Надршин – 01:52,

2:0 – Шарипов – 17:59, ШБ

2:1 – Афанасьев (Асетов, Богатыренко) – 43:24

2:2 – Кабиев (Пушкарский) – 49:04

2:3 – Кормаков (Богатыренко, Асетов) – 51:40

Қақпашылар: Косарев – Устинович

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или