Азат Максум BRAVE CF-дегі дебютін сәтті өткізді

Азат Максум BRAVE CF-дегі дебютін сәтті өткізді

Қазақстандық файтер, OCTAGON лигасының чемпионы Азат Максум (12-0) BRAVE CF ұйымындағы дебютін сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бахрейнде өткен BRAVE CF 48 турнирінде Азат Максум франциялық файтер Микаэль Алжарукпен (7-4) кездесіп, қарсыласын үшінші раундта сұлатып түсірді. 

Қазақстандық файтер UNDERDOG Promotions көмегімен Бахрейннің BRAVE CF ұйымымен келісімшартқа отырған еді. Одан бөлек бұл ұйыммен Асу Алмабаев және Нұржан Әкішевтің келісімшарты бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или