Карим Рузбакиев OCTAGON чемпиондық белбеуін иеленді
Алматыда OCTAGON 17 турнирінің басты жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ивенттің басты кездесуінде қазақстандық екі файтер - Карим Рузбакиев пен Айболат Мұратұлы кім мықтыны анықтады. Файтерлер жартылай ауыр салмақта (93) чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Кездесудің басым бөлігінде 20 жастағы Рузбакиев белсенді болды. Карим қарсыласын партерге құлатып, ұпай жинауға тырысты. Мұратұлы болса жекпе-жекті қашықтан өткізуге тырысты.
Кездесу төртінші раундта аяқталды, Карим Айболатты техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Карим Рузбакиев карьерасында алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Айболат болса, үшінші рет жеңіліп отыр.
Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или