OCTAGON 17 турнирінің тікелей трансляциясы
Алматыда 17 наурызда аралас жекпе-жектен OCTAGON 17 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
OCTAGON 17 турнирі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де өтеді. Басты жекпе-жектер 21:00-де басталады. Тікелей трансляциясы Setanta Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ OCTAGON TV Youtube арнасында көрсетеледі.
Көрерменсіз өтетін кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (5-0) пен Айболат Мұратұлы (2-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы (93 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады. Екі спортшы да салмақ өлшеу сәтті өтті. Сонымен, Мұратұлы таразыда тура 93 келіні, ал қарсыласы 92,5 келіні көрсетті.
Турнирдің негізгі жекпе-жегінде Ұлан Тамғабаев (6-5) өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевпен (2-1) жұдырықтасады. 28 жастағы Тамғабаев таразыда 66,1 келі, ал Сотволдиев 66 келіні көрсетті.
Ең жеңіл салмақта (56,7 келі) бұрынғы OCTAGON чемпионы Алтынбек Мағаз (7-1) негізгі кардтың үшінші кездесуінде күш сынасады. Таразыда Мағаз 56,8 келіні көрсетті, ал оның қарсыласы Арген Маликов (4-2) дәл 57 келі болды.
Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.