Тухугов Рамоспен жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді
Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін UFC файтері Зубайра Тухуговтің (19-5-1) тізесіне ота жасалды, деп жазады Prosports.kz.
Ресейлік спортшы 13 наурыздан 14 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 187 бразилиялық Рикардо Рамоспен (14-3-0) кездесуі керек еді. Алайда, бір апта бұрын денсаулығына байланысты Тухугов турнирде өнер көрсете алмайтыны белгілі болды. Бірақ жағдайдың егжей-тегжейі айтылмаған.
Жекпе-жектен бас тарту себебі туралы ресейлік файтер Instagram парақшасында өзі айтып берді. Оның айтуынша, кеше тіземе ота жасалған, емделу 3-4 айға созылады. Жаздың соңына дейін октагонға оралуы мүмкін.
Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Абу-Дабиде өткен UFC 253 турнирінде 30 жастағы шешенстандық файтер канадалық Хаким Даводтан жеңіліп қалған еді.