Қысқы

Әскери қызметшілер арасында президенттік көпсайыстың жеңімпаздары анықталды

Әскери қызметшілер арасында президенттік көпсайыстың жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтары мен әскери оқу орындарының өкілдері, ең мықты армия спортшылары Президенттік көпсайыстан чемпионатта үздік болу құқығы үшін жарысты. Турнир Щучинск қаласында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қарулы Күштердің XVIII Спартакиадасы аясында өтті.

Чемпионат бағдарламасына пневматикалық мылтықтан ату, ерлерге арналған белтемірге тартылу, әйелдер үшін жатып денені көтеру және 3, 5 және 10 км шаңғы жарысы кірді.

- Шаңғы спорты әскери қызметшілердің арнайы даярлығы үшін маңызды қолданбалы мәнге ие. Жаттығулар әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерін орындауымен байланысты элементтерді біріктіреді. Атыс шебінде әскери қызметшілер оқ атуда үздік дайындықты көрсетті, барлық нысаналарға дөп тиіп, қашықтықты айып шеңберінсіз өтті – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚР ҚМ Спорт комитеті-орталық спорт клубы төрағасының орынбасары подполковник Бауыржан Оразбай.
Жалпы командалық есепте «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жеңімпаз атанды, Құрлық әскерлері Әскери институтының командасы күміс медальға ие болса, 14776 әскери бөлімінің спортшылары үздік үштік қатарын жапты..

Спартакиаданың басты міндеті - қазақстандық әскери қызметшілердің дене шынықтыру деңгейін арттыру. Спорт жарыстары, салауатты өмір салтын, әскери қызметшілердің белсенді демалысын ұйымдастыруды насихаттайды. Жарыс қорытындысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы спорт комитетінің және CISM Дүниежүзілік әскери ойындарының (халықаралық әскери спорт кеңесі) аясында чемпионаттарға одан әрі қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы құрылатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер