Қаршыға Дәуітбек АСА 119 турнирінде жекпе-жек өткізбейді

Қаршыға Дәуітбек АСА 119 турнирінде жекпе-жек өткізбейді

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек (9-3) АСА 119 турнирінде жекпе-жек өткізбейді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жеңіл салмақ дәрежесінде (62 келі) өнер көрсететін Қаршыға ACA 119 турнирінде ресейлік файтер Никита Чистяковпен (11-6-1) кездесуі қажет еді. Алайда қазақстандық файтер белгіленген салмақтан асып кетіп, жекпе-жекке жіберілмеді. 

Айта кетейік, Қаршыға Дәуітбек соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда Alash Pride Grand Prix турнирі аясында өткізді. Онда төрешілер шешімімен қырғызстандық Тұрғанәлі Абдуллаевты жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или