Қысқы

Шаңғы акробатикасынан Қазақстан командасы негізгі финалға өте алмады

Шаңғы акробатикасынан Қазақстан командасы негізгі финалға өте алмады
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күнінде шаңғы акробатикасынан командалық турнир өтті.

Қазақстан командасы жүлдеге іліккен жоқ. Үш рет секіргеннен кейін қазақстандық спортшылар 211.62 ұпаймен жетінші орында қалды.

Ал негізгі финалға алғашқы төрт команда жолдама алады. Бұл сында Ресей құрамасы жеңіске жетті. Күміс медальді Швейцария, қоланы АҚШ командасы еншілеген.

Осылайша, өз жеріміздегі әлемдік доданы қазақстандықтар үш медальмен аяқтады. Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола жүлдегер атанса, параллельді могулдан Анастасия Городко үздік үштікке енді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер