«OCTAGON спортшыларына құрметпен қарайды». Қасым Әнуарбек алдағы жекпе-жегі жайлы
17 наурызда Алматыда өтетін OCTAGON аралас жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегінде Айболат Мұратұлы мен Карим Рузбакиев жұдырықтасады.
61,2 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Қасым «Жебе» Әнуарбек (3-2) тәжік спортшысы Довуд Эмомовпен (1-0) жекпе-жек өткізеді. Prosports.kz қазақстандық файтермен тілдесіп, оның дайындығы жайлы сұрады.
- Қасым, 2016 жылдан бері үзіліс болып, жекпе-жек өткізбедіңіз. Мұның себебі неде?
- Уақытымды отбасыма, жұмысыма бөлдім. Өйткені Қазақстанда тек жекпе-жек өткізіп, өмір сүре алмайсың. Ол кезде жас болдым, өмірге жоспарым болмады. Бірақ мен бұл спортты ақша үшін жақсы көрмедім. Ал қазір бәрі жақсы.
Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.

- Кейінгі жекпе-жегіңізде Ильяр Асхановтан жеңіліп қалдыңыз. Әлі есіңізге аласыз ба?
- Ильярға қатысты былай айтқым келеді. Ол қалай 61 келі салмақты жасағанын білмеймін, өйткені жекпе-жек күні ол 76 келіні көрсеткен. Алдағы уақытта мүмкіндік болса, міндетті түрде осы туралы сұраймын. Жекпе-жекке келер болсам, ол мүмкіндігін жақсы пайдаланды. Әр айқас – тәжіриебі.
- Octagon турнирінде жекпе-жек өткізу туралы ой қалай келді?
- Бірнеше жыл бұрын мұндай бәсекелестік болмады. Қазір дамып жатқан файтерлердің қарасы көп. Әркім өз спортшысының жұмысын жасап, қарсыласын таңдайды. Ал мен ешқашан қарсылас таңдап көрмеппін. Тіпті, жекпе-жекке екі күн қалғанда қарсыласым ауысқан кездер болды. OCTAGON лигасы жақсы дамып келеді. Олардың спортшыларына деген құрметі ұнайды.
- Планируете ли громко заявить о себе на предстоящем турнире?
- Жеңіс те, жеңіліс те - құдайдан. Біз тек ниеттенеміз. Бастысы ешкім жарақат алмаса болғаны. Ал жекпе-жекте бар өнерімді салып, әр сәттен ләззат алуға тырысамын.

- Қарсыласыңыз тәжік спортшысы Довуд Эмомовпен (1-0) жекпе-жек болмақ. Ол туралы не білесіз?
- Мансабыңызды қайта бастап жатырсыз. Мақсатыңыз қандай?
- Қазір бабыма келуім керек. Әр жекпе-жек сайын мықты бола түсу – басты мақсатым.