Қысқы

Елена Круглыхина: Бүгінгі медаль - командалық жұмыстың нәтижесі

Елена Круглыхина: Бүгінгі медаль - командалық жұмыстың нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда фристайлдан өтіп жатқан әлем чемпионатында могулшылар бәсекесі аяқталды. Қазақстан командасы жалпы есебі үш медаль жеңіп алды, оның бірін 15 жастағы Анастасия Городко еншілеген.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген бас бапкер Елена Круглыхина турнирді қорытындылады. Жарыстың екінші күнінде параллельді могулдан жүлде таратылып, Анастасия Городко үшінші орын алды.

«Әрине, жарыстың екінші күнінде де медаль алуды көздедік.

Әрбір бәсекеге үлкен дайындық жүргізгеніміз рас. Бапкерлер кеңесі де әрбір спортшымен жекелей жұмыс істеп, әрқайсысының мүмкіндігін бағалады. Белгілі бір спортшылар жүлде алады деп болжаған емеспіз. Үздік атлеттеріміз кешегі жарыс күнінде бар күшін сарқып берді. Бүгінгі медаль – командалық жұмыстың нәтижесі.

Рейхердпен кешегі нәтижені талқылап, өзіне сай келетін стратегияны таңдадық. Бірақ ол бүгінгіден де жақсы нәтиже көрсете алады. Әрі қарай жұмыс істейміз. Ең басты дода – Олимпиада ойындары», - дейді Круглыхина.

Әлем чемпионатында Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер