OCTAGON чемпионы Азат Мақсұм BRAVE FC-мен келісімшартқа отырды
Қазақстандық файтер, жеңіл салмақта OCTAGON (56,7 келі) чемпионы Азат Мақсұм Таяу Шығыстағы ең ірі промоутер BRAVE CF-пен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
UNDERDOG Promotions басқарушы компаниясының көмегінің арқасында 25 жастағы спортшы бахрейндік промоушеннің қатарына қосылды.
Айта кету керек, Мақсұм белгілі промоушнмен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған. BRAVE CF-тегі дебютінің күні мен орны кейінірек белгілі болады.
Азат (11-0) MMA-дағы дебютін 2017 жылдың қаңтарында өткізді. Соңғы төрт жыл ішінде файтер қатарынан 11 жеңіске жетті, сондай-ақ жеңіл салмақта (56,7 кг) OCTAGON чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Еске салайық, тағы екі қазақстандық жауынгердің BRAVE CF промоушенімен келісімшарттары бар. Олар: Асу Алмабаев пен Нұржан Ақышев.