Қысқы

Колмаков: Жылдар бойы ұмтылған жүлдеге қол жеткіздім

Колмаков: Жылдар бойы ұмтылған жүлдеге қол жеткіздім
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Павел Колмаков Алматыдағы әлем чемпионатында өте жақсы нәтиже көрсетіп, өз мансабында тұңғыш рет әлемдік дода жүлдесін иеленді.

Осы орайда, Колмаков Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, қуанышымен бөлісті.

«Мұндай сезімдерді бұрын бастан кешірмеген едім. Қазір қуаныш та, мақтаныш та бойымда кернеп тұр. Өзім жылдар бойы ұмтылған нәтижеге қол жеткіздім.

Бүгін қолдау көрсеткен барша достарыма, туыстарыма, жанкүйерлеріме алғысым зор. Медаль алу үлкен арманым еді, сол күн де туды.

Енді ертеңгі жарыс күнінде жүлдеге таласамыз. Тек қана алға басатынымыз анық», - дейді Колмаков.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер