Қысқы

«2019 жылы бәрін дәлелдедім». Галышева әлем чемпионатында алдына қандай міндет қойғанын айтты

«2019 жылы бәрін дәлелдедім». Галышева әлем чемпионатында алдына қандай міндет қойғанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс медаль алған Юлия Галышева Prosports.kz сайтына сұхбат берді.

- Алдыма нақты бір міндет қоймасам да, жеңіс тұғырынан көрінуге тырыстым. Әрі жеңімпаздар қатарынан көрінетінімді білдім. Өзімді 2019 жылы дәлелдеп қойғам, сондықтан күміс медаль алғаныма қуаныштымын. Әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатқанына қуаныштымын. Қазақстан үшін және курорт үшін бұл керемет оқиға, тарихи сәт.

- Маусым оңай болған жоқ, қалай бейімделіп жатырсы?

- Иә, оңай емес, себебі менде жарақат болды. Тоғыз айдан бері конькимен сырғанамадым. Содан кейін, кейбір жағдайға байланысты бізге Финляндия мен Швецияда жарыстарға қатысуға рұқсат берілмеді. Бүгін бәріміз команда болып жиналып, барымызды салдық.

- Әлем чемпионатына қалай дайындалдыңыз?

- Бұған дейін біз АҚШ-тың Юта штатында өткен әлем кубогының кезеңінде болдық. Біз сонда қалып жаттығу жасадық. Өйткені басқа жерде мүмкіндік болмады. Мұнда трасса дайын болмады, біз онда әлем чемпионатына дейін дайындала алмадық. Яғни, біз трассаны басқалар сияқты жарыс кезінде ғана көрдік.

- Ертеңгі параллель могул жарысы алдындағы көңіл-күйіңіз қалай?

- Бар күшімізді саламыз. Өмір үшін жаңа күрес болады (күледі).

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер