Колмаков - әлем чемпионатының қола жүлдегері

<span>Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті. </span>
<span>Қазақстандық Павел Колмаков ерлер арасындағы бәсекеде үздік үштікке енді. Ақтық сында Колмаков 82.23 ұпай еншілеп, өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің жүлдесіне қол жеткізді. </span>
<span> Алматыдағы додада канадалық Микаэль Кингсбери чемпион атанып, әлем біріншіліктеріндегі алтын санын беске жеткізді. Күміс медальді франциялық Бенджамен Кавет иеленген. </span>
<span>Айта кетелік, финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы, тәжірибелі Дмитрий Рейхерд 78.47 ұпаймен бесінші орын алды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или