Юлия Галышева: Ертең нағыз тартысты дода болмақ

<span>Ертең, 8 наурыз күні фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталады. Спотшылар ресми жаттығуға қатысып, жарыс жолына баға берді. Жарыстың басты лидерлерінің бірі Юлия Галышева Olympic.kz сайтына жарысқа дайындығы туралы баяндап берді. </span>
<span>"Биыл жолдар жаңа жерге жасалынған, десе де былтырғыдан айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Жол бойында қанат жолдары бар. Бұл біздің жаттығуымызға оң әсерін тигізді. Осыған дейін сессия кезінде 5-6 жаттығу орындасақ, қазір 10-11 рет жасап жатырмыз. </span>
<span>Әлем чемпионатына арнайы әзірленген төбешіктерді дайын деп әбден айтуға болады. </span>
<span>Көңіл-күй өте жақсы. Ертең нағыз тартыс болмақ. Алайда, ауа райынан кедергі болуы мүмкін. Себебі, тұман немесе қар жауады деп күтілуде", - дейді Юлия Галышева.</span>