ММА

UFC 259: Басты жекпе-жекте Адесанья Блаховичтен жеңілді

UFC 259: Басты жекпе-жекте Адесанья Блаховичтен жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 259 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде нигериялық Исраэль Адесанья мен польшалық Ян Блахович кездесті.

Орта салмақтағы UFC чемпионы Адесанья бұл кездесуде Блаховичтің жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуіне таласып көрген.

Алайда бұл ұмтылысы сәтсіз аяқталды. Бес раунд бойы Блахович басымдылық танытты. Осылайша, бұл жекпе-жекте польшалық файтер 49:46, 49:45, 49:45 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Блахович жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы атағын алғашқы рет қорғады. Бұл белбеуді ол былтыр қыркүйек айында жеңіп алған болатын. Осылайша, ол мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бөлек Ян 8 мәрте жеңіліске ұшыраған (UFC-де 11 жеңіс, 5 жеңіліс).

Ал Адесанья алғаш рет жеңіліске ұшырап отыр. Бұған дейін ол 20 рет жеңіске жеткен (UFC-де 9 жеңіс).

UFC 259: Петр Ян чемпиондық белбеуінен айырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер