Гагарин кубогы: «Барыс» «Металлургке» жол берді

Гагарин кубогы: «Барыс» «Металлургке» жол берді

ҚХЛ плэй-офф кезеңінің 1/4 финалы аясында елордалық «Барыс» пен магнитогорскілік «Металлург» арасындағы үшінші матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Магнитогорскіде өткен алғашқы екі матчтан кейін серия есебі 1:1 болған. Ал Нұр-Сұлтандағы үшінші ойында «Барыс» қонақтарға жол берді. Бірінші кезеңде айдын иелері 1:0 есебімен алда болған, екінші кезеңде «Металлург» жауапсыз екі шайба салды. Ал үшінші кезеңде хоккейшілер есепті өзгерте алмады. Осылайша, матч 1:2 есебімен аяқталды.

Әзірше, серияда «Металлург» 2:1 есебімен алда келеді.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) — «Металлург» (Магнитогорск) 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)

1:0 – 14:41 – Лилья (Виделль) ГМ
1:1 – 23:13 – Голдобин (Земчёнок, Плотников)
1:2 – 26:00 – Мартынов (Кошелев, Бек)

Қақпашылар: Ортио – Олкинуора

Серия есебі: «Барыс» 1:2 «Металлург»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или