Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы Палестина мен Шри-Ланканы ұтқан соң ФИБА рейтингінде бес сатыға көтерілді. 

Бүгінде Эмиль Райкович командасының қоржынында 124,3 ұпай бар. «Дала арландары» әлемде 74-ші, Азия құрлығында 12-ші орында тұр. 

Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) Қазақстан командасын рейтингте біраз жоғарылағаны үшін ерекше атап өтті. 

Ал үздк бестік өзгеріссіз қалды. АҚШ командасы бірінші, Австралия екінші, Аргентина үшінші, Сербия төртінші , Франция бесінші сатыда. 

Азия бойынша үздіктер қатарына Иран, Жаңа Зеландия, Қытай мен Оңтүстік Корея кірген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или