ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңін сәтсіз бастады
Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясындағы алғашқы матчта «Барыс» Магнитогорск қаласында жергілікті «Металлургпен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық клуб матчқа мынадай құрамда шықты: Карлссон (Ортио); Маклуков-Дитц, Панюков-Вароне-Фраттин; Хетерингтон-Данияр Се, Сагадеев-Асетов-Старченко; Орехов-Линтуниеми, Лиля-Виделл-Михайлис; Аколзин-Мусоров-Шевченко, Петухов.
Елордалықтар қарсыласқа 4:7 есебімен есе жіберді. Бірінші кезең қорытындысы бойынша «Барыс» 3:1 есебімен жеңген еді. Бірақ қалған екі кезеңде айдын қожайындар қазақстандық командаға мүмкіндік бермеді.
Сериядағы екінші ойын 4 наурыз күні Магнитогорскте өтеді.
«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 7:4 (1:3, 4:1, 2:0)

Шайбы авторлары:
1:0 — 00:37 Коробкин (Кошелев, Голдобин)
1:1 — 05:26 Панюков (Орехов)
1:2 — 13:33 Старченко (Панюков)
1:3 — 15:17 Диц (Панюков)
2:3 — 21:33 Яковлев Егор К. (Прохоркин)
3:3 — 26:44 Мозякин (Нестрашил, Минулин)
4:3 — 28:03 Голдобин (Кошелев)
5:3 — 33:24 Голдобин (Плотников, Яковлев Егор К.)
5:4 — 36:22 Вароне (Карлссон, Диц)
6:4 — 52:54 Яковлев Егор К
7:4 — 53:09 Прохоркин (Плотников, Пашнин)