Хамзат Чимаев мансабын аяқтағанын мәлімдеді
Жеңіліп көрмеген швециялық файтер Хамзат Чимаев денсаулығына байланысты спорттағы мансабымен қош айтысатынын мәлімдеді.
«Спорттағы жолымда қолдау көрсеткен әрбір жанға алғысымды айтамын. Мен таусылдым. Белбеуді аламын деп уәде берген едім, алайда бұл өмірдегі ең басты жеңіс емес. Сіздердің көңіліңізді түсіруі мүмкін шығар, дегенмен ағзам мен жүрегім тоқтатуды жөн көрді. Командама және UFC-ге тағы алғыс айтамын», — деп Чимаев Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Хамзат Чимаев өткен жылы коронавируспен қатты ауырып, денсаулығын сырқаттап алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или