Әлем футболы

Ла Лига тарихындағы маңызды сәттер: 1-5 наурыз

Ла Лига тарихындағы маңызды сәттер: 1-5 наурыз
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz көктемнің алғашқы аптасында орын алған Ла Лига тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіреді.

1 наурыз: Роналдиньоның әдемі қоштасуы (2008)

2008 жылы наурыз айының басында «Висенте Кальдерон» сатадионында «Атлетико» мен «Барселона» кездесті. Хави Эрнандестің қақпа алдына берген сәл ыңғайсызлау пасын, Роналдиньо әдемі игеріп, керемет көркем гол соқты.

Бұл бразилиялық таланттың Ла Лига аясындағы 145 ойында соққан 70-голы болатын. Әрі бұл гол оның Испания чемпионатындағы соңғы голы болды. Сол кезде ол небәрі 28 жаста болса да, тәртіп мәселелері күннен күнге күрделене түсті. Сөйтіп, жазда Ла Лиганың екі дүркін чемпионы «Камп Ноудан» кетіп, «Миланға» ауысты. Еске сала кетейік: аталған ойында «Атлетико» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі «Манчестер Сити» шабуылшысы Серхио Агуэро қос гол соқты.

2 наурыз: Ракитич «Барселонаның» Бернабеуде Эль-Классико рекордын жаңартуына үлес қосты (2019)

2018/19 жылғы маусымдағы екінші эль-классиканың бірінші таймында «Барселона» ойыншысы Иван Ракитич «Реал» қақпашысы Тибо Куртуамен бетпе-бет шығып, гол соқты. Хорват ойыншысы соққан голдың арқасында «Барса» Бернабеуде қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Осы үш ұпайдың арқасында каталониялықтар маусым соңына дейін Ла Лига кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Айта кетейік, Ракитич биылғы маусымда Испаниядағы мансабын бастаған «Севилья» командасына қайта оралды.

2 наурыз: У Лэй Қытайдың және Ла Лиганың тарихына енді (2019)

«Эспаньолдың» қытайлық ойыншысы тарих жасай білді. Барселоналық клубпен келісімшарт жасасқанына көп өтпей У Лей жаңа командасына бірден пайдасын тигізді. Бірнеше апта бұрын қытайлық шабуылшы Ла Лигадағы алғашқы нәтижелі пасын берген. Ал осы күні чемпионаттағы алғашқы голын «Вальядолид» қақпасына соқты. Оның командасы өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол соңғы он жылда Еуропадағы ең үздік бес чемпионатта гол соққан алғашқы қытайлық ойыншы атанды. Айта кетейік, «Эспаньол» осы маусымда Сегундада бақ сынап жатыр. Лэй әлі де аталған клуб сапында доп тебебі.

5 наурыз: Диего Форлан екі команда сапында «Пичичи» сыйлығын алды (2011)

2011 жылғы 5 наурызда «Атлетико Мадридтің» жанкүйерлері үшін де, «Вильярреалдың» жанкүйерлері үшін даулы жағдай болды. Мадридтік клубтың шабуылшы Диего Форлан қонақтар қорғаушысы Хосе Антонио Рейесті алдап өтіп, Диего Лопес қорғаған қақпаға гол соқты. Бұл ойында оның командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Уругвайлық ойыншы қарсылас клуб сапында бірнеше бұрынғы командаласының болғанына қарамастан соққан голын атап өтті. мерейтойы оның бұрынғы командасында бірнеше командаластар қалғанын ескере отырып, маңызды болмады.

Бұл гол Форланның Ла Лигада 240 ойында соққан 128 голының соңғысы болды. Өйткені сол жылы жазда ол «Атлетикодан» «Интерге» ауысты. Айта кетерлігі, Форлан Ла Лигада екі түрлі клуб сапында жүріп, «Пичичи» сыйлығын жеңіп алған санаулы ойыншылардың бірі. Ол 2004/05 жылы «Вильярреал» сапында, ал араға төрт жыл салып «Атлетико» сапында чемпионаттың үздік мергені атанды.

5 наурыз: Редондо Ла лигаға келді (1995)

26 жыл бұрын мадридтік «Реалға» жаңа жартылай қорғаушы Фернандо Редондо ауысып келді. Аргентиналық ойыншы Мадридке «Тенерифе» клубынан келді. Ол Ла лигадағы алғашқы голын Михаэл Лаудруптың пасынан кейін соқты. Сол ойында «Реал» 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Редондоның басты міндеті гол соғу емес, жартылай қорғаныс шебін күшейту болатын. Бұл жұмысты ол өте шеберлікпен орындады. «Сантьяго Бернабеуде» өткізген алты маусымда екі рет чемпион атағын жеңіп алды. Бірақ ол жарақатына байланысты 2000 жылдың жазында Испаниядан кетіп, Италияға қоныс аударды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер