Хоккей

«Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді

«Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» 27 ақпанда Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен кездесті.

Екі команда арасындағы соңғы төрт ойынның үшеуінде қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» турнир кестесінде 59 ойыннан кейін 69 ұпаймен 11-орында келеді. Ал «Авангард» 59 ойыннан кейін 82 ұпай жинап, 4-орында тұр.

Командалар плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізіп қойған болатын. Соған қарамастан бүгінгі ойын тартысты өтті.

Есепті 2-минутта «Барыс» ойыншысы Кирилл Панюков ашты. Ал 16-минутта «Авангард» сапынан Илья Ковальчук таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 21-минутында ресейлік хоккейші Сергей Толчинский «Авангардты» алға шығарды. Ал 41-минутта «Барыс» хоккейшісі Даррен Диц көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Сергей Толчинский 42-минутта қайтадан ресейлік клубтың басымдығын арттырса, Денис Зернов есепті үстемелей түсті. Ал 59-минутта Сергей Чинаков қорытынды есепті белгіледі. Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер