Қысқы

Шаңғы жарысынан ӘЧ: Пеха орташа трамплиннен секіруде іріктеуден өтпеді

Шаңғы жарысынан ӘЧ: Пеха орташа трамплиннен секіруде іріктеуден өтпеді
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Оберстдорф қаласында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем біріншілігі аясында әйелдер арасында шаңғымен орташа трамплиннен секіру (HS106) бойынша іріктеу кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша, жапондық Сара Таканаши көш бастады. Австриялық Марита Крамер екінші болса, Словения спортшысы Эма Клинец үшінші орыннан көрінді.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Даяна Пеха қатысты. Ол 60,5 м нәтижесімен 55-орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңі. HS106. Әйелдер

1. Сара Таканаси (Жапония) - 142.6

2. Марита Крамер (Австрия) - 140.1

3. Эма Клинец (Словения) - 135.4 ...

55 Даяна Пеха (Қазақстан) - 40.5

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер