OCTAGON 16. Самбет Найманбаев карьерасында бесінші жеңісіне қол жеткізді

OCTAGON 16. Самбет Найманбаев карьерасында бесінші жеңісіне қол жеткізді

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 16 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Октагонда қазақстандық екі файтер - Самбет Найманбаев (5-4) пен Бекболсын Әзімбаев кездесті. Жекпе-жекте Найманбаев төрешілер шешімімен жеңді. Кездесу жартылай орта салмақта өтті. 

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық екі файтер - Жандос Жанат пен Ильяр Асханов кездеседі. Спортшылар жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді сарапқа салады. 

Тағы бір жекпе-жекте аса жеңіл салмақта OCTAGON лигасының чемпионы қазақстандық Азат Мақсұм  (10-0) қырғызстандық Нұрбек Болотбековпен (5-0) күш сынасады.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sportturanwater.com.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или