OCTAGON 16. Тәжікстандық файтер Мумин Шамсов Давлатбек Абдукахаровты нокаутқа түсірді (+ видео)

OCTAGON 16. Тәжікстандық файтер Мумин Шамсов Давлатбек Абдукахаровты нокаутқа түсірді (+ видео)

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 16 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Кештің бесінші жекпе-жегінде 65.8 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Мумин Шамсов бірінші раундта Давлатбек Абдукахаровты (Қазақстан) техникалық нокаутпен жеңді.

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық екі файтер - Жандос Жанат пен Ильяр Асханов кездеседі. Спортшылар жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді сарапқа салады. 

Тағы бір жекпе-жекте аса жеңіл салмақта OCTAGON лигасының чемпионы қазақстандық Азат Мақсұм  (10-0) қырғызстандық Нұрбек Болотбековпен (5-0) күш сынасады.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sportturanwater.com.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или