Резников 2021 жылға арналған жоспарын айтты

Резников 2021 жылға арналған жоспарын айтты

Қазақстандық файтер Артем Резников ресейлік журналист Игорь Лазоринге сұхбат берді, деп жазады Prosports.kz.

Сұхбат барысында отандасымыз октагонға қашан оралатынын, ACA-дағы болашағы және АҚШ-тағы жаттығулар туралы айтты.

- ACA лигасымен келісімшартыңыз қалай?

- Иә, лигамен келісімшарт бойынша бір жекпе-жек ғана қалды. Олар наурыз айында Рашид Магомедовпен жұдырықтасуды ұсынып отыр. Бірақ мен мамыр-маусым айларында ғана жекпе-жек өткізуге дайын болатынмыды айттым. Рашид - лигадағы ең мықты файтерлердің бірі, онымен кездесу қызықты болар еді.

- UFC немесе Bellator жайлы ойландыңыз ба?

- Келісімшарт бойынша ACA-дағы соңғы жекпе-жегімді өткізуім керек, содан кейінгісін көре жатармыз. Мен онсыз да Америкада жекпе-жек өткізгім келеді. ТМД-да ең үздік спортшымармен жұдырықтастым. АҚШ-та көптеген мықты спортшы бар, олармен жекпе-жекке шығу жеңіл.

- Магомед Исмаилов пен Владимир Минеевтің жекпе-жегіне қандай болжам жасай аласыз?

- Менің ойымша, мүмкіндік 50-де 50. Алғашқы раундтарда шаршап қалмау үшін Исмаилов өзін-өзі мықты ұстағаны жөн.

- Енді әңгімемізді қорытындылайық. 2021 жылға жоспарларыңыз қандай?

- ACA-да жекпе-жек өткізгім келеді және шетелде өнер көрсету жоспарда бар.

Айта кетейік, 29 жастағы Резников соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйек айында ACA 111 турнирі аясында өткізді. Ол кездесуде жерлесіміз төрешілер шешімімен бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовты жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или