«Сарыарқа» «Ермактан» басым түсті

Қарағандылық «Сарыарқа» қатарынан екі матч жеңілген соң, Ангарскіде жергілікті «Ермактан» айласын асыра алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Есепті Владимир Жмаевтің көмегімен «Ермак» ойыншылары ашқан. Алайда екінші жиырмаминуттықта Леонид Тамбиев шәкірттері алдымен таразы басын теңестіріп, кейін Олег Ломаконың белсенуімен, 2:1 есебімен алға шықты. Үшінші кезеңде Николай Столяренко тоблодағы көрсеткішті теңестіріп тастады, бірақ бұған қонақтардың да жауабы дайын болып шықты. Александр Зубрицкий айдын иелерінің қақпасынан үшінші рет саңлау тапты. Ал Евгений Белухин қорытынды есепті тіркеді – 4:2.

«Ермак» (Ангарск) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 2:4 (1:0, 0:2, 1:2)

1:0 – Жмаев (Кочетков) – 17:18

1:1 – Шастин (Белухин, Рымарев) – 24:14

1:2 – Ломако (Рымарев) – 38:55, басымдықта

2:2 – Столяренко (Приданников, Кочетков) – 45:22

2:3 – Зубрицкий (Ломако) – 45:45

2:4 – Белухин (Шастин) – 58:42

Қақпашылар: Полошков – Ковач

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или