Қазақстандық файтер Brave CF-пен келісімшарт жасасты

Қазақстандық файтер Brave CF-пен келісімшарт жасасты

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (12-2) Таяу Шығыстағы ірі промоушен Brave Combat Federation-мен келісімшарт жасасты. Файтер дебютін 11 наурызда Бахрейнде өткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм-парақшасында мәлім етті.

Еске салайық, Алмабаев соңғы жекпе-жегін 24 желтоқсанда Алматыда өткізіп, отандасы Дархан Сқақовты жеңген болатын. Бұл кездесуден кейін ол аса жеңіл салмақта Naiza Fighting Championship чемпионы атанған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или